Аудан әкімі ғасыр жасаған әжейді құттықтады

Мерекемен құттықтай келген аудан басшысы ғасыр жасаған кейуананың жағдайын сұрап, бала-шаға мен немере-шөберенің ортасында ақылшысы болып, аман отыруын тілектестігін білдіріп, сый-сияпат табыстады.
Өнегелі әулеттің отын маздатқан шамшырағы болған Күлмаш әжей бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп келеді.
Ертеректе тылда тер төгіп, туған жерінде еңбек еткен аяулы ана, ардақты әже өмірге әкелген 5 перзентінен 12 немере 22 шөбере сүйіп отыр.
Арнайы құттықтай келген аудан басшысына ризашылығын білдірген кейуана елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.


