«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау барысы пысықталды
![](/uploads/posts/2021-10/medium/1633424894_1.jpg)
Жиында мемлекеттік бағдарламалардың орындау барысы туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай баяндады.
Партия бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық және аудандық Жол карталарының орындалу барысын облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйла Төрешова хабарлады.
Өз кезегінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жауапты басқармалар мен Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне барлық мүмкіндіктерді қарастырып, «Nur Оtаn» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген барлық шараларды жыл соңына дейін жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
kyzylorda-news.kz