Облыстық жастар ұйымы өкілдері Арал ауданында болды

Жиынға қала, кент, ауылдық округтердің белсенді жастары қатысты. Жиын барысында аудандық «Jas Otan» жастар қанатының бөлімшесінің басшысы Е.Сабырбай атқарылған жұмыстар туралы баяндап, бірқатар алдағы жоспарлармен таныстырды.
Бұл түрлі бағытта ұйымдастырылған семинар-тренинг, кездесулер аудан жастарының көңілінен шықты. Облыстан келген жастар ұйымы өкілдері аудан жастарының атқарып жатқан жұмыстары жөнінде кеңінен ақпараттар алды. Осылайша жас көшбасшылар атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, тәжірбие алмасты. Алдағы уақытта да мұндай тәжірибе алмасу жалғасын таба беретін болады.



"Толқын" ақпарат