Қызылордалық ақын топ жарды
«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» атты республикалық дәстүрлі ХІ Қасым Аманжолов оқуларынан жерлесіміз Ақжол Түменбай бас жүлдені қанжығасына байлады.
Қарағанды қаласында өткен өнер додасына С.Сағынтай бастаған қазылар алқасы төрелік еткен. Бір топ өнерлі жастың ортасынан үздік шыққан ақын Ақжол Түменбайды жеңісімен құттықтаймыз.
syrboyi.kz