Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәрекелді! Жерлес ақынымыз топ жарды

Бәрекелді! Жерлес ақынымыз топ жарды

Теңізді өлкенің терең ойлы, дуалы ауыз айтыскер ақындары түрлі айтыстардан ешқашан да қанжығасы майланбай қайтқан емес.
Күні бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойына арналған "Ең бірінші бақытым..." атты республикалық студенттер айтысында айдынды өлкенің талантты жас ақыны, жерлесіміз БЕКСҰЛТАН ОРЫНБАСАРОВ "Бас жүлде" иегері атанды.
Қарсыластарының осал жерін осып түсетін, мақамы мәнді айтыскер ақынымыздың оза шауып бәйге алғаны жанкүйер қауымды бір серпілтіп тастады. От ауызды, орақ тілді, шешен де көсем сөз өрнектейтін Бексұлтан Орынбасаровтың өнеріне айтысты тамашалаған барша айтыс сүйер қауым тәнті болды.
Жерлес ақынымызды барша аудан жұртшылығы атынан жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

"Толқын" ақпарат
12 мамыр 2021 ж. 498 0