Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымдылық – қайырлы іс

Қайырымдылық – қайырлы іс

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қағиданы берік ұстанған ұлтымыз қашанда ұрпағына ауызбіршілік пен ынтымақ сынды ізгі дәстүрлерді бойына сіңіруді жөн санаған.
Осынау игі салтты сақтап, жанашырлық танытқан аралдық ағайын өткен аптаның дүйсенбісі күні ауданға қарасты Аққұм ауылдық округі, Шижаға елді мекенінде үйі өртке оранып, әп-сәтте баспанасыз қалған А.Елеуовтың отбасына жұмыла көмек көрсетті. «Көп түкірсе көл» демекші қиын жағдайда қалған жандарға туған-туыс, ағайыннан бөлек Шижаға жұрты 2 млн 129 мың теңге, Сексеуіл халқы 1 млн 380 мың теңге, Арал қаласының тұрғындары 700 мың теңге қаржылай көмек көрсетіп, А.Елеуовтың жанұясына жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті.

Осы ретте көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге асыққан, жақсылық жасап, қиындықты бірге бөліскен барша аудан еріктілеріне, аудан халқына айтар алғысымыз шексіз! Әрдайым ел-жұртымыздың бірлігі берік, ырыс-несібесі мол болғай.



"Толқын" ақпарат

14 қазан 2021 ж. 412 0