Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Үздік логотип" байқауы өз мәресіне жетті

"Үздік логотип" байқауы өз мәресіне жетті

Арал ауданының брендін қалыптастырып, Қазақстанға таныту және ғаламтор желісінде өзіне тән оң имиджін көтеру мақсатында ағымдағы жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы арнайы республикалық «Үздік Логотип» байқауы жарияланған болатын.

Ағымдағы жылдың 12 қазаны күні аудан логотипін өзгерту мақсатында өткізілген байқаудың қорытынды отырысы өткізілген болатын. Атап өту керек, аталмыш байқауға ауданымыздан 7 үміткер қатысып, соның ішінде комиссия мүшелері Дана Жоламанованың, Орақ Бәйменовтың және Бақыт Шмановтың ұсынған логотиптерін іріктеп алды.

Байқау қорытындысымен Орақ Бәйменовтың ұсынған үлгісі үздік деп танылды. Осы ретте барша аудан тұрғындарын ауданның айнасы саналытын логотипке қатысты пікір білдіруін сұраймыз.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

14 қазан 2021 ж. 1 360 0