Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал ауданы әкімінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 241 өкімімен Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына Тасқынбаев Амантай Батырқұлұлы тағайындалды.

Амантай Батырқұлұлы - 1964 жылы 27 наурызда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1987 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы зауытының жоғарғы техникалық оқу орнын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы, 1987-1989 жылдары «Қызылордаэнергострой» құрылыс басқармасында шебері;

1989-1992 жылдары Арал қаласында «ПМК-13» мекемесінде шебер және Арал электротехникалық зауытында күрделі құрылыс бөлімінің басшысы;

1992-1993 жылдары шаруашылық есептегі «Қамқорлық» орталығының директоры;

1993-2008 жылдары Арал-Сарыбұлақ мекемесінің бас инженері, директордың орынбасары;

2009-2010 жылдары Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қазалы ауданы бойынша маманы;

2010-2012 жылдары «Казкомполис» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамының менеджері;

2013-2014 жылдары Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы;

2014-2016 жылдары «Арал құрылысы» ЖШС-нің бас инженері;
2016-2020 жылдары Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап осы кезге дейін Арал қаласының әкімі қызметін абыройлы атқарған.
Жалпы еңбек өтілі - 32 жыл.

16 қазан 2021 ж. 460 0