Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 26 қазанда, сағат 09:00-де Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн тәртібінде:
  • Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;
  • Халықты жұмыспен қамту шаралары.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау 25 қазан күнгі сағат 14:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік, вакциналау паспортын немесе ПТР-тестілеудің 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесін тіркеу қажет.
Әрбір БАҚ: телевизиялық арнадан – 1 телеоператорды және 1 журналисті, ақпарат агенттігінен – 1 журналисті, баспасөз басылымынан – 1 журналисті аккредитациялай алады.
Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және YouTube, Twitter, VK желілеріндегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

25 қазан 2021 ж. 298 0