Келіссөздер көп мүмкіндіктер береді

Ақпараттық басылымдар мен оқу құралдарын, оқу-әдістемелік кешендерді бірігіп шығару, оқу орындары оқытушылары мен мектеп ұстаздары арасында тәжірибе алмасу, ғылми жобалар мен әлеуметтік жобаларға жетекшілік жасау, кәсіби бағыт-бағдар беру, авторлық бағдарламаларды әзірлеуге кеңес беру, пікір жазу, ғылыми әдістемелік кеңестің мүшелігіне педагогтарды қабылдау, өзара ынтымақтастықтың берілген бағыттарын жүзеге асырудың нақты шарттары айқындалған меморандум аясында алдағы жоспарды жүзеге асыруды қос тарап та бірдей мақұлдады.
Қызылорда облысы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Арал қаласы №64 орта мектеп арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық және серіктестік қатынастар туралы меморандум осылайша білім саласындағы бірқатар артықшылықтарға жол ашқандай. Бастысы, бәсекеге қабілетті жаңа буын қалыптастыруда бұл келіссөздердің маңызы зор. Осы тұста қос бірдей білім ошақтарына артылар сенім де зор болмақ.
«Толқын» ақпарат