Меморандумға қол қойды

Меморандум аясында мемлекеттік дін саясатын жүргізуші мамандардың, оның ішінде теологтардың, имамдардың, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін, коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында бірлескен оқу курстарын, семинар-тренинштерін, дөңгелек үстелдерді, тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының субъектілерінің ақпараттық әсер ету технологияларындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, жүргізілетін профилактикалық жұмыстарда пайдаланылатын әдістемелік құралдар мен тәсілдердің мазмұндық, талдамалық сапасын арттыруға бірлескен ұсынымдар мен құралдар әзірлеу, қоғам өкілдерімен байланыс барысында ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету жұмыстары жүргізілетін болады.
Шараға меморандумға қол қоюшы тараптар, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, университеттің профессор-оқытушылық құрамы, облыстық дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері қатысты.
syrboyi.kz