Үздік үштік: Қазақстандағы ең беделді мектептер анықталды

2020-2021 оқу жылы бойынша ең беделді 7 халықаралық олимпиадаларда жүлдегер мен жеңімпаз атанған оқушылардың ТОП үштігі мына мектептер:
- Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Алтын медальмен марапатталғандар – 1, 6 күміс және 4 қола медаль алған.
- «Білім-инновация» лицейінің оқушылары 1 алтын, 4 – күміс және 5 – қола медаль иеленген.
- Республикалық физика-математика мектебінде күміс медаль алғандар – 1 және қола медальді – 2 оқушы алған.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынған дерегі бойынша 2020-2021 оқу жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атанған ең көп оқушылар «Білім-инновация» лицейлерінде оқиды. Оның ішінде алтын медальмен марапатталғандар – 31, күміс медаль – 57, қола медаль – 118.
Келесі орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушылары алады. Бұл мектептің оқушылары алтын медаль – 16, 39 – күміс және 23 қола медаль иеленген.
Үшінші болып Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары олимпиадаға қатысып алтын медальмен марапатталғандар – 12, күміс медаль – 17 және 19 қола медаль иеленген.
Биылғы жылы елімізде «Алтын» белгі» алғандардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен болатын. 2021 оқу жылында 9 мың 746 оқушы мектепті үздік бітірген.
Сонымен бірге, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мамандандырылған білім беру ұйымдарының түлектерінің ішінде «Білім-инновация» лицейлерін бітірушілердің13%, Республикалық физика-математика мектебі түлектерінің 9%, Назарбаев Зияткерлік білім ордасы оқушыларының 4% «Алтын белгі» иегерлері атанған.
Қазір Қазақстанда барлығы 7 475 мектеп бар. Онда 3,4 миллион бала білім алуда.