Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда "Алтын күз – 2021" мерекесі аталып өтті

Аралда "Алтын күз – 2021" мерекесі аталып өтті

Кеше аудан орталығында ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз - 2021» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.

Арал қаласындағы А.Байтұрсынов көшесінің бойында өткен мерекеде ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен ауданның жас кәсіпкерлерінің өндірген өнімдерінің көрмесін ұйымдастырылды. Шараға қатысқан аудан әкімі Серік Сермағамбетов барша аудан жұртын мерекемен құттықтап, ауыл шаруашылық саласында өз еңбектерімен жоғары көрсеткіштерге ие болған аудан еңбеккерлерін марапаттады.

– Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында биылғы қиындықтарға қарамастан маңдай терін төгіп, адал еңбектің үлгісін көрсеткен аудан шаруаларына, дала еңбеккерлеріне қандай мадақ айтсақ та жарасады, - деген аудан басшысы С.Сермағамбетов мезгілдің сан құбылуына қарамастан аянбай еңбек етіп тер төккен, ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше үлес қосқан сала озаттарына Алғыс хат табыс етті.

Сонымен қатар шара аясында Атанши ауылдық округіндегі «Есдәулет» шаруа қожалығының төрағасы Тасболат Есдәулетов ҚР-ның Ауылшаруашылық министірлігінің «Құрмет грамотасымен», «Камбала балық» ЖШС-нің басшысы Сәлімжан Әлібаев пен «Арал СДО» ЖШС-нің басшысы Нұрбек Әйімбетов Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Берекелі күздің молшылық шарасында бас қосқан аудан халқы мереке барысында жәрмеңкеде саудаланған ауылшаруашылық өнімдерін тиімді бағада алуға қол жеткізіп, аудан өнерпаздарының мерекелік концертін тамашалап қайтты.

Атап өту қажет, жәрмеңкеде ауданға қарасты кент, ауылдық округтерден 5 тоннаға жуық ет, 30 бас қой-ешкі, 10 тонна балық және балық өнімдері және Сырдария ауданынан 4 тонна күріш, Қазалы ауданының «Рза» ЖШС тарапынан 1,5 тонна сүт өнімдері, күріш жеткізіліп, нарық бағасынан анағұрлым төмен бағада ұсынылды. Сондай-ақ, аудан кәсіпорындары мен кәсіпкерлері тарапынан 30 тонна көкөніс және бақша өнімдері арзан бағада саудаланды.






Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

31 қазан 2021 ж. 515 0