Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлік дамыған жыл болды

Кәсіпкерлік дамыған жыл болды

2012 жыл. Аталған жылды аудан тарихында жарқын естеліктермен қалдыру мақсатында бірқатар жемісті жұмыстар атқарылды. Нарықтық экономика кезеңінде халықты еңбекпен қамту мәселесін шешуде жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында нақты шаралар қолға алынды.
 «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасына сәйкес үйлестіру кеңесіне 21 жоба ұсынылды. Солардың бірі «Оңтүстік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен», «Камбала балық» ЖШС-імен бірлесе отырып Арал балық камбинатының мұздатқыш цехына сметалық құны 108 млн теңге тұратын қосымша құрылыстар салу арқылы 192 млн теңгеге бағаланған «Арал» сервистік дайындау орталығы болды. Балық өңдеу кешені Ресей, Беларусь елдеріне өнім шығару құқығына ие болды. Сондай-ақ «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-гі мен  «Арал» сервистік дайындау орталығы тиісті ветеринариялық-санитарлық тексеруден өтіп, Евро Одақ елдеріне әшекейлеп мұздатылған балық фильесін экспорттауға мүмкіндік беретін «Еврокод» алған облыстағы алғашқы мекемелер атанды.
2012 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 6 жоба дайындалып, ұсынылған. Индустрияландыру картасына ұсынылған жобалар қатарында «Органикалық тыңайтқыш өндіру зауыты  мен жылыжай салу», «Тұз шығару зауыты» тәрізді ірі жобалармен қатар, жеке кәсіпкерлердің «Медициналық асаптарды залалсыздандыру», «Мал сою, бордақылау пункті», «Наубайхана салу» сынды жобалар да болды.
  Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде ірі жобаларды іске асырумен қатар ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне де жеті назар аударылды. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2011 жылы 2228 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 2423-ке жетті немесе өткен жылмен салыстырғанда 195 бірлікке артты.
Тіркелген субъектілердің ішінде жеке кәсіпкерлер саны 195 бірлікке немесе 2 пайызға, ал шаруа қожалықтары 4 бірлікке сәйкесінше  бір пайызға өсті. Аталған шағын кәсіпкерлік субьектілерінде 2012 жылы 3733 адам жұмыспен қамтылды. 2012 жылы кәсіпкерлік саласында 310 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болса жыл көлемінде 311 кәсіпкерлік субъектісі заңды тіркеуден өтіп, жаңа жұмыс орындары ашылды. Немесе жоспар 103 пайызға орындалды.
Нарық заңдылығына сәйкес жеке кәсіп көзін ашып, заң талаптарына сай тіршілік жасайсмын деп талап қылған жандарған несиелер беріліп, қаржылай қолдау көрсету оңдайландырылған. 2012 жылы ауданда жұмыс істеп тұрған 22 шағын несие құрылымы арқылы 2744 адамға 1658856,9 мың теңге несие берілген. Жеке кәсіпкерлерді оқу-әдістемелік қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, семинар-кеңестер өткізілді.
2012 жылы ауданда Н. Мүсабев әкім болды. Ол елмен кеңесіп, кездесіп, ел ішіндегі өзекті мәселелерге мән беріп, шешу тетіктерін қарастырды. Соның арқасында аудан дамудың даңғыл жолына түсіп, халықтың көптеген қиындықтары оң шешімін тапты. Елімізде енгізілген түрлі бағдарламалар шеңдерінде де нәлижелі жұмыстар атқарылды.
Н. МАРАТҚЫЗЫ
07 қараша 2021 ж. 391 0