Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төртінші деңгейдегі жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен атқарылуы талқыланды

Төртінші деңгейдегі жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен атқарылуы талқыланды

Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын кең ауқымды инвестициялық, әлеуметтік жобаларды және бюджет саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік аудиттің рөлі жоғары екені анық.Осыған орай, бүгін төртінші деңгейдегі жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен атқарылуындағы мәселелер туралы семинар өткізілді.
Семинарға ауылдық округ әкімдері мен есепші мамандар қатысты.
Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов ауданға арнайы іссапармен келген Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мұсабеков Романды, Қызылорда облыстық қаржы басқармасының бөлім басшысы Ердіқалықов Нұрланбекті, Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Ғалия Сәндібекқызын сондай-ақ, тексеру комиссиясының бас маманы Иманқұлов Әлсейітті таныстырып өтті.
Төртінші деңгейлі бюджеттің кіріс бөлігі туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Аманжолова Ғалия баяндады.
Одан соң «Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару, жалға беру құжаттарды заңдастырудың тиімді жолдары туралы - облыстық қаржы басқармасының бөлім басшысы Ердіқалықов Нұрланбек хабарлама жасаса, облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мұсабеков Роман «Төртінші деңгейлі бюджеттерге жүргізілетін аудит нәтижелері, жұмыс барысында кездесетін кедергілер мен қиындықтардан сақтану жолдары туралы түсіндіріп өтті.
Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын ортаға салып, тұщымды жауаптарын алды.
24 қараша 2021 ж. 661 0