Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

2020 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандағы барлық қала, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі.
Осыған орай, алдағы уақытта орын алуы мүмкін кемшіліктерді болдырмау және алдын алу мақсатында ауданға Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің әдіскері Исаев Әуелбек, Қызылорда облысының Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Арзықұлова Нұрсұлу және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы Әкбар Мәріп және Қызылорда облыстық ақпараттық технологиялар орталығының маманы Әбітаев Болат жұмыс сапарымен келіп, құқықтық оқыту семинарын өткізді.
Құқықтық оқытуға қала, кент, барлық ауылдық округтердің әкімдері мен заңгер, есепші мамандары және тиісті бөлімдердің басшылары қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов ашып, келер жылы аудандағы халық саны екі мыңға жетпейтін 17 ауылдық округ әкімі аппараттарына жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті берілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейін енгізу шаралары аясында тиісті қабылданған құқықтық актілеріне уақытылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет екендігіне тоқталды.
Семинар барысында қатысушыларға шешім жобасын дайындау мен Әділет департаментіне жолдау тәсілдері түсіндіріліп, аталған мәселе жөнінде қажетті мәліметтер берілді. Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерлерін білдіріп, қойған сұрақтарына тұщымды жауап алды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
25 қараша 2019 ж. 733 0