Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕРІ» БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕРІ» БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Күні кеше ауданда 2020 жылы халық саны 2000 және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің дербес бюджетке өтуіне байланысты арнайы семинар өткізілді,-деп хабарлайды Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселері» бойынша өткен семинар аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жергілікті өзін-өзі дамыту басқармасының басшысы Миржан Иманбаев, «Азия Даму» банкінің кеңес беру маманы Өсергүл Құттыбаева, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Нұрасылова, Қаржы басқармасының бөлім басшылары Нұрланбек Ердіғалықов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы Мәріп Акбардың арнайы қатысуымен өтті.
Семинар барысында ауданымыздағы халық саны 2000 және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтерінде дербес бюджеттің және коммуналдық меншіктің енгізілу жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Семинарға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдерінің басшылары, барлық ауылдық округ әкімдері мен олардың есепшілері, салық мамандары қатысып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақ-жауаппен алмасты.
07 қараша 2019 ж. 905 0