2602 қызылордалық «Pfizer» вакцинасын салдырды
![](/uploads/posts/2021-11/medium/1637818064_photo_381047.jpeg)
Алғашқы болып медициналық колледждің студенттері екпе алуды бастады. Қазірде өз еркімен жүкті әйелдер мен ата-аналарының келісімімен жасөспірімдерге вакцина салынуда.
«№1 қалалық емханада қазірде 3 жүкті әйел және 12-17 жастағы 359 жасөспірім аталған вакцинаны алды. Екпені 16-37 апталық жүкті әйелдер және босанғаннан кейін 42 апта асқан аналар ала алады. Вакцина қабылдаған жүкті әйелдер мен жасөспірімдер 3 күн біздің бақылауымызда болады. Қазірде бәрінің жағдайы жақсы, ешқандай шағым келіп түспеді,-деді емхананың эидемиолог дәрігері Райхан Кәметова хабарлады.
№1 қалалық емхананың терапевт-дәрігері Аяжан Сүлейменованың айтуынша, «Pfizer» вакцинасы жеңілдетілген вакцина түрі. Ол жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге вирусқа қарсы арнайы антидене қалыптастыруға көмек береді.
kyzylorda-news.kz