Аудан әкімі Қызылорда қалалық «Жастар» театрының ұжымымен кездесті

– «Талай дарынды тұлғалар түлеп ұшқан киелі Арал өңіріне қош келдіңіздер. Өз өнерлеріңізді аудан халқына паш еткелі келген қадамдарыңызға нұр жаусын. Осы театрдың негізін қалаған ақын-сценарист, режиссер Оңталап Нұрмаханов киелі дамытуға зор үлес қосып келеді. Биылғы 63 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыстар тілеймін. Жас таланттардан құралған театр ұжымының биік белестерді бағындыруына тілектеспін!» – деп ізгі лебізін жеткізді.
Одан соң сөз алған белгілі режиссер-сценарист Оңталап Нұрмаханов ежелден өнер мен дәулет қонған өңірде мәдениет пен өнердің өрісі кеңейіп, одан әрі дами түсуіне тілектестігін білдірді.
Кездесу барысында театр ұжымының мүшелері өздерін таныстырып, негізгі қызметтері туралы айтып өтті.

