Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Болат Өтемұратов қоры 2021 жылы әлеуметтік салаға 3 миллиард теңге бөлген

Болат Өтемұратов қоры 2021 жылы әлеуметтік салаға 3 миллиард теңге бөлген

Kyzylorda-news.kz. 2021 жылы Болат Өтемұратов Қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету саласындағы жобаларға 3 миллиард теңге қаражат бөлді.

Қордың Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман 2021 жылы Қор жұмыс істеген он сегіз жоба туралы әңгімеледі. Оның ішінде «Аутизм. Барлығына бір әлем» жобасының кеңейтілуі, «Жасыл Мектеп», «Jas Leader Akademiiasy» жобалары, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету және мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жобалары.



"Қор 5–11 сынып оқушыларына арнап" Jas Leader Akademiiasy» мен «Жасыл мектеп» атты екі жаңа жобаны іске қосты», – деп атап өтті Шарман мырза. Оның айтуынша, «Jas Leader Akademiiasy» балаларға қарым-қатынас жасау, команда болып жұмыс істеу, көпшілік алдында сөз сөйлеу және уақытты басқару дағдыларын дамытуға және жетілдіруге көмектеседі. Пилоттық жобаға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 50 мектебі қатысуда. Бес жыл ішінде жалпы бюджеті 2,1 миллиард теңгені құрайтын жобаға Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарының мектептері қосылады.

Балаларға арналған «Жасыл мектеп» экологиялық жобасы Алматының 16 мемлекеттік мектебінде басталды, онда Қор ақылды тамшылатып суару жүйесі, жарықтандыру және жылыту жүйесі бар жылыжайлар салды. «Қор 5–7-сынып оқушыларына арналған оқулықтар, сондай-ақ өсімдіктерді өсіру мен күтіп-баптау бойынша қадамдық нұсқаулығы бар мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал шығарды. Енді балалар жылыжайдағы факультативтік сабақтарға және экологиялы өмір салты бойынша шеберлік сыныптарына қуана-қуана барады», – деді Шарман мырза.

2022 жылыНұр-Сұлтанда, 2023 жылы Шымкентте мектеп жылыжайлары жабдықталады, үш жылдың бюджеті 1 миллиард теңгені құрайды.

Қуаңшылық кезінде Арал ауданына көмек көрсетіп, мал азығын және жайылымдар мен шабындықтарды суландыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 300 миллион теңге бөлді. Арал ауданы үшін Аспай суағарының қалпына келтірілуіайтулы оқиға болды, оның арқасында Кіші Арал теңізіне су құйылып отыр.

Қызылорда облысы Арал қаласының отбасылары «Баламекен» жобасы арқасында жаңа баспанаға ие болды. Қор көпбалалы және мұқтаж отбасылар үшін жалпы сомасы 300 миллионтеңгеге 40 жаңа пәтер сатып алуға қаржы аударған.

«Асыл Мирас» аутизм орталықтарының желісі кеңеюде. Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл және Павлодар қалаларындағы жұмыс істеп тұрған орталықтарға қосымша Таразда осындай оныншы орталық ашылады. Келесі жылы Қарағандыда жаңа аутизм орталығы өз есігін ашады. 2021 жылы 2 152бала осы орталықтарда интервенция бағдарламаларынан өтті, ал бағдарлама істеп тұрған уақыт ішінде 11 076 бала бағдарламадан өтті.

Қазақстанның Қызыл Жарты айымен бірлестікте Қор «Көмек картасы» жобасын жалғастыруда. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккен адамдар 53 миллионтеңге сомасында қаржылай көмек алды. Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында болған орман өрті кезінде үйлері өртенген отбасыларға жалпы сомасы 30 миллион теңгеге «Көмек картасы» берілді.

Болат Өтемұратов Қоры Батырхан Шөкенов атындағы Қордың жобаларына қолдау көрсетуді жалғастыруда. Олардың қатарында – «Отан Ана» альбомының винилде шығарылуы, композиторларға арналған алғашқы музыкалық резиденцияның өткізілуі және музыкалық жоғары оқу орындары мен мектептердің дарынды студенттеріне атаулы шәкіртақы тағайындалуы.

«Батырхан Шөкенов атындағы Қормен ынтымақтастығымыздың шарықтауы Батырды еске алуға арналған қоғамдық кеңістіктің құрылуы болмақ, оны келесі жылдың мамыр айында ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл – елорданың тұрғындары мен қонақтарына жасалған сыйлық, олұлы музыкантты қастерлейтін жандарға өте ұнайды», – деп Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі, ҚР халық әртісі Жәния Әубәкірова Қордың алдағы жылға жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар аталған қор Қызылорда облысының Әкімдігімен Қызылорда қаласының әуежайында жаңа заманауи терминал құрылысын салужөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құрылыс аяқталғаннан кейін терминал Қызылорда облысы әкімдігінің меңгерілуіне беріліп, сағатына 300-ге жуық жолаушыға қызмет көрсете алатын болады, бұл оның қазіргі өткізу қабілетінен екі есе көп.

«Қызылорданың қазіргі әуежайы кеңейтуді қажет етеді, өйткені аймақ қарқынды дамып келе жатыр, бұл инвесторларды, соның ішінде шетелдіктерді де қызықтырады. Жаңа әуе айлағы Қызылорда тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығатынына және бұл аймаққа көбірек қонақ келуіне мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

2022 жылы Болат Өтемұратов Қоры өз қызметін жаңа бағыттарда кеңейте отырып, дәстүр бойынша әр жобаға жүйелі көзқарас тұрғысынан келуді және тұрақты дамытуды қамтамасыз етеді.

08 желтоқсан 2021 ж. 409 0