Әлеуметтік дүкен ашылды

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов әлеуметтік дүкеннің жұмысымен танысып, дүкендегі қажетті азық-түліктердің бағасын тұрақты ұстап, сапасын қадағалауды және жаңадан ашылған дүкеннің қызметі жайында жергілікті халыққа түсіндіріп, хабардар ету керектігін айтты.
«Әлеуметтік дүкеннің» бір бұрышынан сүт өнімдерін тікелей халыққа сату шаралары бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, алдағы уақытта «Жақсат и К» автобекеті жанынан нан өнімдерін дайындайтын наубайхана ашылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, әлеуметтік дүкен ішінде халыққа қолжетімді бағада ет өнімдерін сату үйлестіріліп отыр.
Айта кетейік, аталған сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарық бағасынан 10-20%-ға төмен бағамен халыққа ұсынылуда.


