Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

10 қаңтар Қазақстан бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі.
«Алматыда содыр-лаңкестердің қолынан әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындардың мүлкіне де залал келді. Сондай-ақ жүздеген бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің денсаулығы мен өміріне қатер төнді. Осы трагедиялар кезінде қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтамын», – деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаскөйлікке барған адамдардың бәрі қатаң жазаланатыны айтты.

kyzylorda-news.kz
10 қаңтар 2022 ж. 509 0