11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
11 қаңтар күні Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Осыған орай жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Республиканың тек батысы мен шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын болжанады. Елдің жекелеген өңірлерінде тұман, көктайғақ, екпінді жел, жаяу бұрқасын болады.
Атырау облысының батыс және орталық бөлігінде тұман, көктайғақ болжанады. Өңірдің шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде Маңғыстау облысының батысы мен орталығында – көктайғақ, оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында жаяу бұрқасын болжанады, өңірдің шығысында түнде желдің күші 15-20 м/с артады.
Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ таулы, тау бөктерлі аумақтарында тұман болжанады. Таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болады.
Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде жел 15-20 м/с жетеді. Өңірдің солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын жүреді.
Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай және Қарағанды облыстарының шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының оңтүстігінде тұман болады.
kyzylorda-news.kz