Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан жастары Президент мәлімдемесін қолдайды

Аудан жастары Президент мәлімдемесін қолдайды

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарындағы Мемлекет басшысының жасаған мәлімдемесі еліміз үшін алға қойған нақты міндеттерді айқындады. Президент халықтың әлеуметтік мәселесі мен елдің алға қарай дамуына арналған жоспарлармен бірқатар тапсырмаларды егжей-тегжей саралап, үкіметке жауапты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысының «Ел тағдыры үшін ұйыса білген халқыма ризашылығымды білдіремін. Егемен елімізді бірге өркендетейік, жаңа қазақстанды бірге құрайық» – деген үндеуі барша халықтың ауызбіршілігімен елдіктің тұтастығын айқындап, ел ертеңінің айқын боларына сенім берді. Біз, елдің ертеңі болып саналатын жастар Президентіміздің жасаған мәлімдемесін қолдай отыра, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, келешегі кемел болуына өз үлесімізді қосамыз.

Елдіктің тұмары болған тәуелсіздігімзді қастерлеп, қадірлей білейік!
Жасампаз еліміздің тұғыры биік, көк туымыз көк аспанда желбірей берсін.

Абай ӘБІЛБАЕВ,
аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

12 қаңтар 2022 ж. 849 0