Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Елбасы, ҚР Тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында, мемлекеттің қиын-қыстау кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы туралы  жазған болатын.
Сонау 1991 жылдан бері елдіктің айбары – Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігімізді саралап, жасалған жұмыстарға тоқталды.
Мақала аясында Елбасы, егемен алған тұста мемлекетті алға қарай дамытуға арналған үлкен жоспарлармен жобаларды жасағанын, шет мемлекеттермен байланыс жасауға қадам басқанында жеткізді.
Сонымен қатар, қазақ елінің жүрегі Елордамыздың тәуелсіздіктің нақ символына  айналып, әлемдік аренада өз орнын алып жүрген астанамызды елбасы мақала шеңберінде жеткізді.
    Шекарамызды бекітіп, алға қарай қарыштап дамуда әлемнің саң қилы елдері біздің елге көз тігіп қызыға қарауда. Жас мемлекеттің өсіп өркендуі  әлемді таңқалдырмай қоймайды.
Елдіктің   тәуелсіздігіне 30 жыл  бұл жас мемлекет үшін айтулы жыл.
Елбасының: "Тәуелсіз еліміздің басты байлығы – адам. Мемлекетіміздің тірегі де, алтын діңгегі де – Қазақстан халқы. Мен бойымдағы қуат,қызметімдегі тәжірибе, ойымдағы нәр бәрі -  бәрін халқыма қызмет етуге жұмсап келемін" деген сөзі барша халықтың бойына күш бітіреді. Бұл қанатты сөзі шынымен де орындалуы бізді қуантады.

Т. ҚАНАТОВ,     
«Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
08 желтоқсан 2021 ж. 479 0