Жолдауды толық қолдаймын
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауын толықтай тыңдадым. Жолдаудан дағдарыстан алып шығатын айқын басымдықтар нақты көруге болады.
Президенттің әр сала бойынша әрбір тапсырмасы еліміздің дамуына бағытталды және тапсырмалар берілді.
Қазіргі таңда халықтың әлеуметтік жағдайы, болашақ ұрпақтың ертеңі мен жер және тіл мәселелері екені анық. Елбасы жолдауда мұның бәрін ашып көрсетті.
Халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға көңіл бөлінетіні және ең төменгі жалақы 42 500 теңгені 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60 000 теңгеге көтеруді тапсырды. Білімді жастар жарқын болашақ кепілі ретінде елімізді жалынды жастарына көптеген мүмкіндіктер берілді. Жер мәселесінде де, тіл мәселесінде де өзіндік атқарылатын жұмыстарды тізбектеді.
Бір қуантарлық жағдай, 2020 жылдан бастап педагогтар мен дәрігерлердің жалақысын жыл сайын өсіріп келді, бірақ бюджет саласының қызметкерлері назардан тыс қалды. Соған орай, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 20 пайызға көтеретіні көңіл көншітерлік жаңалық.
Президентіміздің алға қойған мақсаттарының көп екенін ескерсек,жолдаудың міндеттерін іске асыру үшін, Қазақстанның әрбір азаматын барынша үлес қосуға шақырамын.
Еліміз өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артады деген сенім білдіре отырып, жолдауды толық қолдаймын.
Дана ЖОЛАМАНОВА,
Арал аудандық мәдениет үйі Халық театрының суретшісі