Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Қазақстан мұнан ары қандай саясат жүргізетінін айтты

Мемлекет басшысы Қазақстан мұнан ары қандай саясат жүргізетінін айтты

Қазақстанда саяси трансформация және қоғамды жаңғырту саясаты жалғасады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Билік пен бизнестің сындарлы өзара іс қимылы әлеуметтік тұрақтылықтың мығым негізін құрады. Ал ол өз кезегінде экономикалық, сонымен қатар саяси реформаларды сәтті жүзеге асыру үшін маңызды шарт саналады», – деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.
ҚР Президенті саяси трансформация және қоғамды жаңғырту бағыты жалғасатындығын баса айтты.
«Таяуда саяси трансформацияның магистралды бағдарынан еш ауытқу болмайтынын мәлімдеген едім. Мен Мемлекет басшысы ретінде саяси трансфромация және қоғамымызды жаңғырту саясатын жалғастыра беретін боламын. Сондықтан экономикалық реформалар бағдарламаларымен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Реформа бағыты берілді. Нарықтық әлеуметтік бағдарланған және әртараптандырылған экономикаға көшу керек», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

syrboyi.kz​​​
21 қаңтар 2022 ж. 452 0