Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Соған сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пунктері арқылы елге COVID-19-дың бар-жоғы туралы анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға жіберіледі.
Сондай-ақ, жетім балаларды асырап алу мақсатында балалар үйіне баруға рұқсат етіледі. Ол үшін азаматтың коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР тест тапсырғанына 3 тәуліктен аспауы қажет немесе вакцинация немесе ревакцинациядан өткенін растайтын құжаты болуы керек. Мұндай жағдайда вакцинаның толық курсын салдырғанына 6 айдан аспағаны жөн. Соңғы 3 айда COVID-19 инфекциясымен ауырғанын растайтын құжатын көрсете алады.
Дәл осындай талаптар медициналық-әлеуметтік нысандарға (қарттар, мүгедектер үйі, балалар үйі) баруға мүмкіндік береді.
Құжатқа сәйкес, босану процесіне серіктес ретінде ПТР арқылы коронавирустың жоқ екенін көрсететін анықтамамен қатысуға болады. Мұндай жағдайда анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 тәуліктен аспайды.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

kyzylorda-news.kz
22 қаңтар 2022 ж. 322 0