Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметінен босатылды

Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол қызметтен кету туралы өтінішті өзі берген.
Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы "Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады.
1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.
1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.
2020 жылғы қыркүйекте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.