Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық кәсіпкер «Су ұңғымаларын бұрғылау» жобасы бойынша қайтарымсыз грант алды

Аралдық кәсіпкер «Су ұңғымаларын бұрғылау» жобасы бойынша қайтарымсыз грант алды

Арал ауданында жеке кәсіпкер Тұрмұхан Нұржанұлы «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысып «Су ұңғымаларын бұрғылау» жобасы бойынша қайтарымсыз грант иегері атанды.
Техникамен бұрғылау жер асты суларының тереңдігін анықтауға және олардың сапасын бағалауға үлкен көмегі бар. Құрылғы мал шаруашылығын дамытуға суды аса қажет ететін елді мекендерге үлесі зор екендігін көрсетуде.
«Суға ұңғымаларды бұрғылау су ұңғымасы, бұл бір қарағанда өте қарапайым, бірақ іс жүзінде өте жауапты инженерлік құрылым. Ұңғымалар тұтынушылық қасиеттерімен де, оларды салу әдісімен де ерекшеленеді. Орынды таңдау жер бедері мен топырақ құрылымының ерекшеліктеріне де байланысты. Сулы қабаттар бір аймақта әртүрлі тереңдікте орналасуы мүмкін. Топырақты зерттеу үшін сапалы техникамен бұрғылаған жөн. Бұл мал шаруашылғымен айналысып отырған ауылдағы ағайындар үшін үлкен көмек»,- дейді Тұрмұхан Нұржанұлы.

kyzylorda-news.kz​​​
31 қаңтар 2022 ж. 517 0