Өңірлік геоақпараттық жүйенің жұмысы қалай іске асырылып жатыр?

Жаңадан құрылған геопортал базасында «i-Orda» («i-Qala») порталының модулі бар. Онда техникалық шарттар беру, шарттар жасасу, қосу, пломбалау, есепке алу аспаптарын орнату және ауыстыруға өтінімдерді орындау секілді 74 қызмет түрі автоматтандырылады.
Өңірлік геоақпараттық жүйеде облысқа қарасты 9 медициналық ұйымның «Медициналық куәландырудың электрондық жүйесі» енгізілді. Сондай-ақ 7 стационарлық «Аркан» жылдамдық өлшегіші орнатылды. Басқарма басшысы Юлия Тремасованың айтуынша, оларды пайдалануға берген сәттен бастап 30171 бұзушылық тіркеліп, 317 млн. теңге айыппұл салынды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бұлтты құжат айналымына көшуі бойынша да жұмыстар атқарылды. Бүгінде бұл айналымға 308 жергілікті атқарушы орган, 3554 пайдаланушы қосылған.
kyzylorda-news.kz