Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.«Биылғы жыл өзіндік ерекшелігімен басталды», - деп бастады өткен брифингті Арал ауданының әкімі Мұқтар Оразбаев.
– Үкімет басшысы сала министрлерімен бірге теңіз төскейіндегі ауданда іс-сапармен болып, көшпелі үкімет отырысы өтті. Өңіріміздің тыныс-тіршілігімен танысып, келешекте атқарылатын ірі жобалар айқындалды. Сонымен қатар, жақында Үкімет басшысының бірінші орынбасары А.Мамин Арал ауданында іс-сапармен болып, Қамбаш көлі жағасында демалыс аймағын құру жұмыстарымен танысты, - деді ол.
Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдарының қызметі Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын мәселелерді, мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған. Аудан әкімінің айтуынша, қабылданған іс-шараларды іске асыру барысында ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуында біршама ілгерілеушіліктер байқалды.
Өңірге инвестиция тарту бойынша ауқымды жұмыстар атқырылыпты. Мәселен, ауданда 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 10 958 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі – 6,251 млн теңгені құрайды.
Қаржы-салық саясатына келсек, есепті мерзім ішінде барлық салық пен басқа да түсім түрлерінің болжамының орындалуы 2264,1 млн теңге немесе 114,0 пайызды құрады. Оның ішінде, аудандық бюджетке түсім 1398,9 млн. теңге (болжам 1297,1 млн теңге), яғни 107,8 пайызға орындалды.
syr-media.kz

24 қыркүйек 2018 ж. 1 403 0