Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада облыстық келіндер форумы басталды

Қызылордада облыстық келіндер форумы басталды

Қызылордада «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!..» атты облыстық келіндер форумы басталды.
Шара ақын, педагог Сәнімкүл Желдербаеваның 90 жас мерейтойына және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылуда.
Форумды Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы, «Рухани жаңғыру» орталығы» және облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп өткізуде.
Форумның мақсаты – жас ана, асыл жар, қазақ келіндерін ұлттық рухта тәрбиелеу, ана тілін, ұлттық мәдениетін құрметтеу, жас отау тәрбиесін ұғындыру, қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақы қалыптарды сақтай отырып, заман талабына сай жан-жақты дамыған тұлға етіп, болмысын қалыптастыруға негізделді.
Шара Сыр өңірінен шыққан танымал қыз-келіншектердің ғұмырнамасын насихаттайтын баспа материалдарынан, түрлі ұлттық тағамдар, ұлттық ыдыстар, салт-дәстүр кітаптары, қолөнер бұйымдары және тағы да басқа бұйымдар қойылған көрме таныстырылымымен бастау алды.
Келелі басқосуға биыл 100 жылдық мерейтойы өткізіліп жатқан Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова, Сыр өңірінің келіні, ҚР Мәдениет қайраткері Жазира Байырбекова сынды танымал тұлғалар қатысуда.

kyzylorda-news.kz
03 наурыз 2022 ж. 358 0