ЖОО-ларға жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі

«Енді ЖОО-лар оқытудың онлайн түрінде белгілі бір оқыту бағыты бойынша кадрларды дайындай алады. Бұл ретте біліктілік талаптарына сәйкес оқытудың белгілі бір бағыты бойынша жеке лицензия алу міндетті болады», – деді министр.
Сондай-ақ халықаралық пәндік олимпиада, халықаралық орындаушылар конкурсы мен спорттық жарыс жеңімпаздарына ЖОО-да тегін білім алуға грант беріледі.
Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Яғни бір оқу бағдарламасы және бір негізгі оқулық негізінде.
kyzylorda-news.kz