Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаттары Сыр өңірінде ауылшаруашылық мәселелерін талқылады

Мәжіліс депутаттары Сыр өңірінде ауылшаруашылық мәселелерін талқылады

Мәжіліс депутаттары өңірлердегі сапар барысында Қызылорда облысына барды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Серік Қожаниязовпен бірге Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе магистралды каналын тазалау жұмысымен көзбен көріп, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. 
Сапар барысында Шиелі магистралді каналынан Қамыстықақ каналына насос қондырғысы арқылы қосымша су беру жұмыстарымен танысып, жүзеге асырылуы тиіс жобаларды талқылады. Сонымен қатар депутаттар осы өңірдегі шаруа қожалықтарының иелерімен кездесіп, пікір алысты, - делінген хабарламада.
   Кездесуде кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету, егін егу маусымына дайындық, суды үнемдеу,  суды көп талап ететін дақылдарды қысқарту және ауыл шаруашылығындағы субсидиялау мәселелері көтерілді.

baq.kz
20 наурыз 2022 ж. 321 0