Биыл мектепте соңғы қоңырау өте ме?

Білім министрі биылғы соңғы қоңырау дәстүрлі түрде 25 мамырда болатынын айтты.
Еске сала кетейік, 2020 жылы коронавирустың салдарынан болған пандемияға байланысты Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау ата-аналардың қатысуынсыз ашық аспан астында өткен болатын. ал 2021 жылы соңғы қоңырауды дәстүрлі форматта өткізуге 9 және 11 сынып түлектеріне ғана рұқсат берілген.
Қалған оқушылар оқу жылымен онлайн қоштасқан.
Биылғы жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанда пандемияға байланысты барлық эпидемиологиялық шектеулер кезең-кезеңімен алынып тасталуда.