Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Н. НАЗАРБАЕВ : Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын.

Н. НАЗАРБАЕВ : Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын.

Бүгін Елбасы Н.Назарбаев "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" атты жыл сайынғы халыққа арнаған дәстүрлі жолдауын жариялады. Ұлт Көшбасшысы жолдаудың  VІ бағытын "ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ" - деп атап жастарға қолдау көрсетуді баса айтты. 
–Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді.Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет, - деді Н. Назарбаев.
Мұнан әрі келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған Елбасы жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс атап көрсетті.
–Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.Бұған арнайы «Ауыл - Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді.Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек.
Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн. «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек, - деді Елбасы.

05 қазан 2018 ж. 1 288 0