Асхат Аймағамбетов: Зейнеткерлікке жақындаған педагогтерге жеңілдік жасалады

«30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдерге тиісті жеңілдіктер қарастыру мәселесін талқылап жатырмыз. Сондай-ақ зейнет жасына жақындап қалған әріптестеріміздің жағдайын да түсінуіміз керек. Осындай әріптестерімізге де тиісті жеңілдік, мүмкіндік бері мәселесін де талқылап жатырмыз», – деді министр.
Аймағамбетов бұл мәселе бойынша жақын арада толық ақпарат берілетінін айтты.
kyzylorda-news.kz