Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мың бала»: Қызылордада олимпиаданың ІІ кезеңі өтті

«Мың бала»: Қызылордада олимпиаданың ІІ кезеңі өтті

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңі өңірлік тестілеу орталық базасында өтті.
Қызылорда қаласына қарасты ауыл мектептерінен 5 сыныптан 99 оқушы, 6 сыныптан 37 оқушы қатысып, барлығы 136 бала бақ сынады.
«Мың бала» олимпиадасы үшінші жыл қатарынан қабілетті ауыл оқушыларын анықтап келеді. Жеңімпаздар дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады. «Мың бала» олимпиадасын Елбасы Академиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен серіктестікте бірлесіп өткізеді.
Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектебінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады.

kyzylorda-news.kz
28 сәуір 2022 ж. 492 0