Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Штаб мүшесі А. Жоланов Ата Заңымызға өзгертулер енгізудің халыққа пайдасы мен маңыздылығы жөнінде толықтай түсіндіріп айтты.
Сонымен қатар 5 маусым күні өтетін референдумға жұдырықтай жұмылып, дұрыс шешім қабылдап өзгеріс енгізілуін таңдауға шақырды.
– Ата Заңымызға өзгеріс енгізу бірінші орында жастарға үлкен қолдау болады. Себебі болашақ жастардың қолында. 100 пайыз халық референдумға келіп өзгертулер енгізуді қолдап сол бағытта жұмыла дауыс берсек құба-құп болар еді. Халықтың таңдауы дұрыс шешім екенін көрсетуіміз қажет. Өзгеріс енгізудің дұрыстығын дәлелдеуіміз керек. Алпауыт мемлекеттердің қатарына қосылып келе жатырмыз. Жаңа Қазақстанның құрылуына өзіміз себепші болғанымыз жөн, – деді А.Жоланов.
Ардагерлер референдумға өзгеріс енгізілуін қолдайтындарын, міндетті түрде дауыс беруге қатысып, дұрыс таңдау жасайтындарын жеткізді.
"Толқын" ақпарат