Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал халқы теңізді қайта суға толтыру үшін тасаттық берді

Арал халқы теңізді қайта суға толтыру үшін тасаттық берді

Қызылорда облысында табиғат жанашылары тартылып қалған Арал теңізін қайта суға толтыру үшін Құдайдан көмек сұрап, тасаттық берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз мәселесін көтеріп жүрген белсенділер, экологтар, тіпті дін өкілдері мен осы өңірдің тұрғындары қазақи дәстүрмен тасаттық берді.

Рәсімге 500-дей адам қатысқан. Дәстүр бойынша жиналғандар молдалармен бірге намазға жығылып, артынша құрбандық шалды.

Еске салсақ, былтыр дәл осы Арал ауданында жауын жаумай, жұрт қуаңшылықтан зардап шеккен еді. Ал экомарафон кезінде құрбандық шалынып, жиналғандар жаратқаннан жауын тіледі.
18 мамыр 2022 ж. 449 0