Референдумды өткізуде азаматтық қоғамның рөлі басым

Оларға еліміздің Ата заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы облыстық штаб төрағасының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, сондай-ақ қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Анар Ізден кеңінен мәлімет берді.
«Конституцияға өте ауқымды түзетулер енгізу ұсынылып отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл – Жаңа Қазақстанды құрудың алғышарты. Саяси жүйе үлкен трансформация алдында тұр. Ел тағдырына қатысты сауал қойылған шақта халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қалыс қалмауы керек. Қоғамдық-саяси, экономикалық тұрғыдан жаңа деңгейге қадам басу үшін әр азаматтың бұл науқанға атсалысуы аса маңызды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, баршаңызды ел болашағы үшін қабылданғалы тұрған өзгерістерге дауыс беруге шақырамын», – деді Алтынбек Жарылқасынов.
«Референдумды өткізуде азаматтық қоғамның рөлі басым. Бүгін біз азаматтық қоғам белсенділері ретінде Сіздерге осыны түсіндіруге тырыстық. Ал халықтың аталмыш жаңашылдыққа көзқарасын референдум нәтижесі айқындайды. Сондықтан баршаңыз белсенді болуға шақырамын», – деді өз кезегінде сөз алған мәслихат депутаты Анар Ізден.
Жиында азаматтық қоғам өкілдері өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, өз ұсыныстарын жеткізді.
