Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал өңіріне "Заң керуені" акциясы аясында арнайы топ келді

Арал өңіріне "Заң керуені" акциясы аясында арнайы топ келді

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен өңірдегі барлық елді мекендерді қамтитын «Заң керуені» акциясы жүзеге асырылуда.
Аталған шараның басты мақсаты – облыс көлеміндегі ауылдарға барып, тұрғындармен кездесу, олардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін қарап, құқықтық көмек көрсету.

Осыған орай, бүгін Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов Арал ауданында болды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев, аудан прокуроры М. Бекпанов, аудандық дербес бөлім басшылары, ардагерлер, аудандық мәслихат депуттары мен аудан тұрғындары қатысты.

Басқосуда Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов сөз алып, акцияның маңыздылығын түсіндірді.
Мұнан соң басқосуға келген тұрғындарды облыс прокуроры Н. Ерманов, аудан прокуроры М. Бекпановпен бірге аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына заң аясында жауап берді.
"Толқын" ақпарат

22 мамыр 2022 ж. 268 0