Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржол қызметкерлері референдумды бірауыздан қолдайды

Теміржол қызметкерлері референдумды бірауыздан қолдайды

Еліміздің барлық өңірінен “AMANAT” партиясының жанынан штаб құрылып, барлық жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Осы орайда,облыстық мәслихат депутаты Аяғанов Еркебұлан Арал аудандық филиалының штаб мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Тәукеев Махамбет ұсынған Конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыратынына және алдағы уақытта әлеуметтік әділеттіліктің орнауына жол ашатынын айтып, алдағы науқаннан қалыс қалмауға шақырды.

Конституциялық реформалар бойынша референдум өткізу – Президенттің саяси реформаларын жүзеге асырудың бір сатысы. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген нақыл сөз бар. Бабаларымыз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаған», деді биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы.

Референдумда дауыс берген әрбір азамат еліміздің жаңа тарихының парақтарының ашылуына, Жаңа Қазақстанның әр кірпішінің берік қалана бастауына өз үлесін қоспақ.


"Толқын" ақпарат

26 мамыр 2022 ж. 790 0