Синоптиктер Қызылорда облысындағы құрғақшылыққа байланысты ескерту жариялады
Қызылорда облысының екі ауданында маусым айының басында қуаңшылықтың басталу қаупі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері осы жылы алғаш рет қуаншылыққа байланысты алдын ала ескерту жариялап, өңір тұрғындарын сақтық шараларына шақырды.
Болжамға сәйкес, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында маусым айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық болады деп күтіледі.«Қазгидромет» РМК
Атмосфералық құрғақшылық – аптап ыстыққа әрі жауын-шашынның болмауына байланысты ауа ылғалдылығының қатты төмендеуінен болатын құрғақшылық түрі. Ол – қауіпті, себебі мұндайда өсімдіктер қурап, тез жойылады.
kyzylorda-news.kz