Кент тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Аудандық ішкі саясат бөлімінің, "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кент тұрғындарына реформалар жобасы бойынша елде жалпы халықтық референдум өткізу туралы үнпарақтар таратылып, Конституциялық өзгертулер енгізудің халыққа пайдасы мен маңыздылығы жөнінде толықтай хабарланды.
Сонымен қатар, 5 маусым күні өтетін референдумға жұдырықтай жұмылып, дұрыс шешім қабылдап, енгізілген өзгерістерді таңдауға шақырды.


"Толқын" ақпарат











