Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазпочта» ұжымымен «Жаңа Қазақстанды» құрудағы референдумның рөлі талқыланды

«Қазпочта» ұжымымен «Жаңа Қазақстанды» құрудағы референдумның рөлі талқыланды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлының қатысуымен «Қазпошта» АҚ ұжымымен кездесу өтіп, референдум туралы ашық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сенат депутаты өз ойымен бөлісіп, Референдумның мән-маңызына тоқталды. Сонымен қатар, ұлтымыз тағдыршешті сәтте тұрған шақта ел Президентінің жанына топтасып, жаңа Қазақстан - екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
«Еліміздің болашағына араласу, келешекке деген жол таңдауға халықтың қатысуы және халықтың орны ерекше болады деп ойлаймын. Өйткені, Ата заңға өзгерту енгізу деген өте үлкен жағдай. Ол әрбір мемлекетте бола қоймайды. Халықтың араласуымен болған іс өте оңды іс болады деп ойлаймын. Референдум әр қазақстандыққа жеке таңдауын жасауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің басты құқықтық құжатын тұрғындардың өздері қабылдайды. Маңыздылығы сонда жатыр. Дауыс беру арқылы халық өз болашағын өзі шешеді»,-деді сенатор.
Кездесуде Мемлекет басшысының бастамасы елде тың саяси реформаларды жүзеге асырудың, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдірудің тиімді тәсілі екенін айтылды. Сондай-ақ, азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстары тыңдалды.
Жиынға партияның облыстық филиалы жанындағы штаб мүшелері Мақсұт Нәлібаев, Ержан Уәйс және қалалық штаб төрағасы Шәріп Әбдірахмановта қатысып, референдум жайлы пікірлерімен бөлісті. Азаматтарды 5 маусым күні өзгерістер үшін дауыс беруге қатысуға шақырды.

24 мамыр 2022 ж. 480 0