Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің Халықаралық Балалар күніне арнаған құттықтауы

Аудан әкімінің Халықаралық Балалар күніне арнаған құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Қымбатты балалар мен ата-аналар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай бүлдіршіндердің құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке.
Бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы мен мағынасы зор.
Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, біздің қоғамның да басты мақсаты – білімді де отаншыл ұрпақ тәрбиелеу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың еліміздің жарқын болашағының кепілі екендігін айтып, биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады.
Халқымызда «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген қанатты сөз бар. Бала тәрбиесіне айрықша мән берген ата-бабаларымыз «Боламын деген баланың бетінен қақпай, белін буып», тағылымды тәрбие беріп, кішіпейілділікке баулып өсірген.
Бүгінгі күні де жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – еліміздің алға қойған маңызды міндеті.
Қымбатты балалар!
Сендер тәуелсіз де байтақ елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Жаңа Қазақстанның кемел келешегі де мына өздеріңізбен бірге қалыптасады. Сондықтан да алдағы уақытта тек сапалы білім алуға ұмтылып, егемен еліміздің қарыштап дамуына үлес қосуларыңызға тілектеспін. 
Барлығыңызға мықты денсаулық, баянды өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Әрдайым жүректеріңізге тек мейірім мен шапағат ұялап, жүздеріңізден қуаныш пен күлкі кетпесін,
Жазғы демалыстарыңыз жақсы өтсін! Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
01 маусым 2022 ж. 667 0