Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды құттықтады

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі», – жазды мемлекет басшысы Твиттер парақшасында.
Қазақстан жыл сайын 1 маусымда халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді.
Мерекені 1 маусымда атап өту туралы шешім Парижде 1949 жылдың қарашасында өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінде қабылданды.
kyzylorda-news.kz