Өресі биік өрендер

Үш кезеңнен тұратын байқауға қатысқан оқушылар жан-жақты өнері, білімі, дарындылығымен танылып, нәтижесінде «Үздік биші» – 1 «в» А.Әбілбай, «Білімді оқушы» – 1 «а» Ә. Жадырасын, «Үздік әнші» – 1 «в» Р.Жаңбырбай, «Шебер әртіс» –1 «в» Е.Шамшадин, «Дарынды оқушы» – 1 «а» Ш.Шамай, «Талантты оқушы» – 1 «г» Д.Алпысбай, «Өнерлі оқушы» – 1 «г» С.Абат және «Жезтаңдай әнші» – 1 «г» Г.Ерланқызы сынды оқушылар түрлі аталымдар бойынша дараланды. Ал 1 «а» сынып оқушысы С.Нұртай байқау жеңімпазы атанып, демеушілер тіккен қошақанның иегері атанды. Барлық байқау қатысушыларына арнайы дипломдар және «Алақай» балалар орталығына бір күндік тегін жолдама табысталды.
Өнерлі балақайларды байқауға дайындаған сынып жетекшілері Б.Есенова, М.Үмбетова және Қ.Омароваға арнайы Алғыс хаттар табысталып, байқауға оқушылармен бірге атсалысқаны үшін алғыс білдірілді.
А. СЕРАЛИЕВА,
№220 орта мектептің қосымша білім беру педагогы